Басты бет » Спорт » Қазақ көкпары Еуропада

Қазақ көкпары Еуропада

Көкпар десе делебесі қозбайтын қазақ кемде -кем. Айтыс пен көкпар қазақтың жаны. Көктем бастала ауылдан бастап республика көлемінде дүркіреп өтетін көкпар тойы күзге дейін тарқамайды. Қазақтың осы бір қанына біткен арда өнері жақында Еуропа төрінде дүркіреді.

Құрамында еліміздің 5 бірдей жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған ұлттық жастар құрамамыз Францияда өнер көрсетіп қайтты. Қысқаша ғана, ЖКЛ деп аталатын жас көкпаршылардың өнеріне кәрі құрлық қатты тамсанғаны сонша, болашақта Англия мен Америкада да өнер көрсетпек. Көкпаршыларымызды Алматы әуежайынан  Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші проректоры Есқалиев Мұхтар бастаған қолдаушылар күтіп алып, сый-сияпаттарын тапсырды. Сіздерге  ЖКЛ-ды қысқаша таныстыра кетейік.

 

2017 жылы Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бес ректоры ҚР Тұңғыш Президентінің қолдауымен Ұлттық Жастар Спорт Лигасының аясында Көкпар командасын құруға бастама көтерді.

Сол бастаманың аясында Жастар Көкпар Лигасы құрылып, Алматының 5 ЖОО атап айтқанда,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті,

Қазақ спорт және туризм академиясы,

Қазақ ұлттық аграрлық университеті,

Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

Алматы энергетика және байланыс университеті осы Лиганың туы астында сынға түсуде.

 

“ЖКЛ ойындары Қазақстан тарихында тұңғыш рет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  стадионының футбол алаңдарында, сондай-ақ Қазақ спорт және туризм академиясының стадионында өтеді. Турнирді әлемге танымал «Setanta-Kazakhstan» спорт арнасы жүзеге асырады.

Соңғы жылдары көкпар студенттер спорты арасында қатты танымалдылыққа ие болып, болашақта Азия студенттік ойындары қатарына енгізілмек.

Лиганың мұндай қызметі «Рухани Жанғыру» бағдарламасына және Елбасының«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, 2019 жылы Мемлекет басшысы жастар жылы деп жарияланды. Көкпар- жаңа да көне, білім мен  біліктің керемет көрінісі.

Бұл спорт тек жастарды  біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар ҚАЗАҚСТАННЫҢ  халықаралық имиджін қалыптастыруға да зор еңбек етеді.

ЖКЛ жақында ғана Францияның Фонтенблоо қаласында көшпенділердің осы бір керемет ойынын насихаттап қайтты. Болашақта осы ұлттық ойынды әлем бойынша таратпақшымыз” дейді ЖКЛ кеңесінің төрағасы Данияр Дәукей.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Месси Роналдудан асып түсті

Аргентина құрамасының әрі каталониялық “Барселона” шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының “Эйбармен” қорытынды матчта (2:2) дубль ...