Басты бет » Айдарлар » Адырнама » “Алаш арыстары және ашаршылық”

“Алаш арыстары және ашаршылық”

Алматы қаласы А.П Чехов атындағы қалалық орталық кітапханада Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Адырна” ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Алаш арыстары және ашаршылық” атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына белгілі тарихшы ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты.1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы баяндамалар жасалып, осы саланы зерттеуші тарихшы ғалымдардың пікірлері талқыланды.

“Рухани жаңғыру” гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі, ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академигі,тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов конференцияның модераторы болды.

Белгілі ғалым, өнертанушы, этнограф, Тынысбек Қоңыратбай “1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргін” тақырыбында баяндама жасады.

“Ашаршылықтың зардаптары мен себептері” туралы саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы Әзімбай Ғали талқылады.

Алаш акрыстарының ұрпақтары, Мұқан Әбдіраманұлы (Сұлтанбек Қожановтың ұрпағы), Дина Мұхамедхан (Қайым Мұхамедхановтың ұрпағы), Салтанат Мұстафина (Бейімбет Майлиннің ұрпағы), Жанна Шанина (Жұмат Шанинның ұрпағы) сөз сөйлеп, аталары жайлы әдемі әңгіме өрбітті.

Ақын, Әбубәкір Қайран “Алашорда” жайлы өлеңін оқыды.

Дәстүрлі әнші Еркін Шүкімән “Алаш арыстары және олардың музыкалық мұрасы” тақырыбында баяндама жасаса, шәкірті Біржан Айтахмет белгілі ақын Серік Қалиевтің әні мен сөзіне жазылған Алаш арыстары жайлы әнін орындады.

 

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Тағылымды кездесу, толғамды ойлар

Алматыдағы С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында «Зұлмат жылдар қасіреті» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға 70-ке ...