Шымкенттік бас дәрігерге сөгіс жарияланды

114

Шымкент қаласында клизмадан күйіп қалған балаға қатысты аурухананың бас дәрігеріне тағы тәртіптік жаза қолданылды. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаевқа сөгіс жарияланды, - деп хабарлайды Otyrar.kz тілшісі.

Сондай-ақ, 6 сәуірде Шымкентте өткен басқосуда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің төрағасы Ж.Бекшин Шымкент қаласының әкімі мен денсаулық сақтау басқармасының басшылығына жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің қызметіне сәйкестігін, лауазымына лайықтығын қарастыру туралы ұсыныс беретінін айтқан болатын. Еске салайық, 28 наурызда 10 айлық бөбекке қайнаған сумен клизма жасаған медбике тікішегі мен жамбасын күйдірген еді. Сәби қазір Алматыдағы арнайы орталықта ем алып жатыр. Дәрігерлер оның қазіргі жағдайы орташа тұрақты деп отыр.​ ​

Комментарии
Выбор редакции