Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында «Мунайспецснаб» жұмысшылары наразылық акциясына шығып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Бұл туралы әлеуметтік желіде видеолар тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Видеода жұмысшылар жұмысын қалпына келтіруді талап еткен.
«2023 жылы 1 қаңтар. «Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚазМұнайГаз басшы құрамына, Өзенмұнайгаз басшы құрамы Мақсат Ибағаровқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу: Қазіргі таңда біздің жұмысымыздың тоқтауына байланысты бұрынғы тендер бойынша жұмысымызды қалпына келтіруді сұраймыз», - дейді жұмысшылар.Сонымен қатар, олар Өзенмұнайгаз компаниясына қарасты мекемелерге «Мунайспецснаб» жұмысшыларының атынан жолдама беруін сұрайды.
Новости по теме
Заместитель акима Акмолинской области Ернар Жаркешов провел рабочее совещание по вопросу дальнейшей газификации Акмолинской области