Жаңаөзенде жұмысшылар наразылық акциясына шығып, Тоқаевқа үндеу жолдады

5715
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/01/5c83190e-1d2d-4d79-b265-47f63ae74199.jpeg
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында «Мунайспецснаб» жұмысшылары наразылық акциясына шығып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады. Бұл туралы әлеуметтік желіде видеолар тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Видеода жұмысшылар жұмысын қалпына келтіруді талап еткен.
«2023 жылы 1 қаңтар. «Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚазМұнайГаз басшы құрамына, Өзенмұнайгаз басшы құрамы Мақсат Ибағаровқа, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа үндеу: Қазіргі таңда біздің жұмысымыздың тоқтауына байланысты бұрынғы тендер бойынша жұмысымызды қалпына келтіруді сұраймыз», - дейді жұмысшылар.
Сонымен қатар, олар Өзенмұнайгаз компаниясына қарасты мекемелерге «Мунайспецснаб» жұмысшыларының атынан жолдама беруін сұрайды.  
Комментарии
Другие материалы