Қазақстаннан шығарылған Navai Мәскеуде алғаш рет концерт берді

216
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oXmdCAyMmAiDY9VkgYlEWi5M5oLECsOMZhHYJUIk.jpg

Көпшілікке Navai лақап атымен танымал ресейлік рэпер Наваи Бакиров Қазақстаннан шығарылғаннан кейін Мәскеуде алғаш рет концерт берді. Ол жанжалға қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап.

8 қарашада Мәскеудегі клубтардың бірінің жанында түсірілген видео жарияланды. Дәл осы жерде рэпер Navai концерт өткізген.

Концерт аяқталған соң рэпер түнгі сағат 01:00 шамасында клубтан VIP-кіреберіс арқылы шыққан. Оны жанкүйерлері мен журналистер күтіп тұрған. Navai бірнеше жанкүйерімен суретке түскенімен, журналистердің Қазақстанда ұсталуына қатысты сұрақтарына жауап бермеген.

Күзетшілер музыкантқа жақындауға мүмкіндік бермеген. Осыдан кейін рэпер спорттық көлігіне отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Еске салайық, 14 қазанда Navai-дің Астанада жоспарланған концертіне жанкүйерлері қатыса алмайтыны белгілі болған еді. Ұйымдастырушылар концерттің өтпейтінін хабарлаған. Сол күні Жамбыл облысының полиция департаменті Navai-дің есірткі контрабандасына күдікпен ұсталғанын мәлімдеген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, рэпер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ал рэпердің директоры Рауф Гусанов оның ұсталуына қатысты пікір білдіруден бас тартса, анасы бұл жағдайды «әдейі ұйымдастырылған әрекет» деп атаған.

Осы оқиғадан кейін Қырғызстанда да тексеру басталды. Шекара қызметі музыканттың есірткімен шекарадан қалай өткенін анықтауға кірісті. Кінәлі тұлғаларға жаза қолданылуы мүмкін.

15 қазанда сот рэперді қамауға алу туралы санкция берген. Оның адвокаты Рена Керимова қорғау тарапы оған айыппұл тағайындатуға тырысатынын мәлімдеген.

20 қазанда Navai-ге қатысты қылмыстық істің ақтамайтын негіздер бойынша тоқтатылғаны белгілі болды. Сондай-ақ рэпер Қазақстан аумағынан шығарылды. Ресейлік адвокат Дмитрий Миновтың айтуынша, Қазақстанда босатылғаннан кейін Navai-ге Ресейде де қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Комментарии