Ресейлік әншінің концертінде үш әйел төбелес шығарды

162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vAAJx5dQ9BR18QtN6QGohkyBcwofmTpVsAJZ1y5f.jpg

Алматыда ресейлік әнші Валерий Меладзенің концерті кезінде үш әйел арасында жанжал шықты, деп хабарлайды “Адырна”. 

Оларды қауіпсіздік қызметкерлері концерт өтетін аумақтан шығарып жіберді.

Алматы полициясының мәліметінше, оқиғаға қатысқан үш әйелдің жеке басы анықталған. Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары. Біреуі сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынса, екіншісіне қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды.

Ал Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде концерттің тоқтатылғаны туралы жалған ақпарат тараған. Полиция Instagram парақшасының иесін анықтап, оған жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік айыппұл салды.

Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті бұзу және көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Комментарии