Ұстазға құрмет. Қайым Мұхамедхановтың Мұхтар Әуезовке жазған хатынан үзінді

280
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TGhlzgA5gS8rCLfX7v3Cv4kqVkJsv9vd3F8WXyjt.jpg

Қазақ әдебиеті мен ғылымының тарихында ұстаз бен шәкірт арасындағы рухани байланыстың орны ерекше. Осындай тағылымды қарым-қатынастың жарқын үлгісін Қайым Мұхамедхановтың ұлы жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовке жазған хаттарынан көруге болады.

Қайым Мұхамедхановтың жеке мұрағатында сақталған құнды құжаттардың бірі – 1949 жылдың 12 қарашасында Мұхтар Әуезовке жолданған хаттың жобасы (черновигі). Бұл хатты “Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдентет орталығының директоры Дина Мұхамедхан Facebook парақшасында жариялады.

Хаттың мазмұнын төменге жариялаймыз.

Қадірлі Мұхтар аға!

19/ х. Москвадан жазған хатыңызды бүгін алдым. Менің ойымды да өзіңіз айтып қойыпсыз. Бірақ, кінәнің салмағы менде жатқанын сезіңкірей түскен жайым бар.

Науқастанып үйде жатыр едім, Сіздің хатыңыз сергітіп жіберді. Енді бұдан былай хат жазудан Қайым ініңіз қажиды екен демеңіз.

Үй-іші аманшылық.

Бұл арада үй-тұрмыс жайларын араластырмай, алдымен романға қажетті білгендерімді айтайын.

«Көктемдегі көбең желіс» үстінде шынында да Долгополовтың  Л.Н.Толстой жайында жазған кітапшасын, Х. Шурдың «Воспоминаниясын» оқымаған екенсіз.

Бұл екі кітаптан Н.И.Долгополовтың Л.Н.Толстоймен таныс, көріскен, біліскен адам екені айқын көрінеді.

Тегінде уақытыңыз болса осы екі кішкене кітапты, Долгополовтың ісін (Дело Долгополова)  қарап шықсаңыз дейім! Оны өзіңіз білесіз. Егер қажет деп тапсаңыз, ол материалдарды жіберуіме болады.

Әзірше Долгополовтың Л.Н.Толстоймен таныстығын дәлелдейтін және Х.Шур кітабының әр жерінен көшірме жібердім (Хася Шур. «Воспоминания», издание автора, Курск – 1928, тираж 2000). Ішкі бетінде: «Посвящается памяти Н.Н.Нариманова» делінген. Көлемі ХV глава, 213 бет.

Енді осы кітаптан үзінділер келтірем. Беттерін көрсетіп отырам.

Әуелі Л. Н. Толстойға байланысты:

«Вскоре мы должны были переехать из Курска в Тулу, где жилось тяжело (айдаудан қайтқан соң ғой. Қ. М.). Поэтому пробыли мы там не долго и переселились в Москву (стр. 173).

Упомяну, между прочим, что в Туле мы близки были с чрезвычайно ценными общественниками – П. П. Белоусовым, известным своими трудами по статистике и новыми прикладными практическими работами в этой области, и домашним врачом Льва Николаевича Толстого – Марией Михайловной...»

Комментарии