Шымкент қаласы бойынша Қазақ күресі федерациясының вице-президенті тағайындалды

182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vNY033Ip8IqTLsJXzeDp1CSYqB8DAIQPEnAGSScl.jpg

Шымкент қаласы бойынша Қазақ күресі федерациясының вице-президенті қызметіне Ермек Нағашыбайұлы Жұмағалиев тағайындалды. Бұл туралы Федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна».

Ермек Жұмағалиев 1990 жылғы 30 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

2008 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне оқуға түсіп, 2012 жылы «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығын тәмамдаған. Кейін Қазақ-Орыс халықаралық университетінде білімін жалғастырып, 2017 жылы заңгер мамандығы бойынша диплом алған. Сонымен қатар 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде ауыл шаруашылығы магистрі дәрежесін иеленген.

2013 жылы аталған университеттің әскери кафедрасын аяқтап, лейтенант әскери атағын алған.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе қаласындағы «Ақбұлақ» АҚ-да техникалық бөлім инженері ретінде бастаған. 2013–2019 жылдары Алматы қаласындағы «Алматы су» мекемесінде Әуезов ауданының инженері қызметін атқарған.

2019–2021 жылдары Алматы қаласының Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасында су және газбен жабдықтау бағыты бойынша бас маманнан бөлім басшысына дейінгі қызмет сатыларынан өткен. Ал 2021–2022 жылдары Түрксіб ауданының көріктендіру бөлімін басқарған.

2022–2023 жылдары «Арснаб» ЖШС техникалық қадағалау компаниясының директоры қызметін атқарған. 2024 жылдан бастап Текелі қаласында еңбек етіп, алдымен кеңсе меңгерушісі қызметіне кіріскен. Кейін Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарған.

Сондай-ақ Ермек Жұмағалиев «Алматы су» ШЖҚ МКК күрделі құрылыс департаментінің директоры қызметін атқарады.

Комментарии