Жетісу жолындағы апатта 2 адам қаза тауп, 10 жолаушы жарақат алды

253
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5Ex3tSj1QliwbbaRq7LWvIbHiIbQAwsCRAkQGQIn.webp

Фото: видеодан алынған

Жетісу облысында шағын автобус пен жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болып, екі адам көз жұмды. Тағы он жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді.Әлеуметтік желілерде апат орнынан түсірілген видео тарады, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға 17 қазанда Кербұлақ ауданындағы Арқарлы асуы маңында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Алматы–Өскемен тасжолының 143-шақырымында тіркелген. Оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан шағын автобус жүргізушісі алдындағы бағыттас КамАЗ көлігінің тіркемесіне соғылған.

Апат салдарынан екі адам қаза тауып, он адам ауруханаға жеткізілді. Шағын автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды.

Полиция өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға, жылдамдықты жол жағдайына сай таңдауға, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстануға және рөлде мұқият болуға шақырды.

Комментарии