Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа Корольдігінің премьер-министрі Хун Манетті қарсы алды, деп хабарлайды “Адырна”.
Жоғары мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі салтанатты рәсімдер залында өтті. Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Одан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.
Қазақстан делегациясының құрамында сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек болды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі елдің басшылары келіссөздер жүргізуге кірісті.
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстан мен Камбоджа арасындағы тауар айналымы 29,4 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға жоғары.
Қазақстанға Камбоджадан негізінен тоқыма және трикотаж бұйымдары, аяқ киім мен өзге де тұтыну тауарлары жеткізіледі. Ал Қазақстан Камбоджаға көбіне бақылау-өлшеу құралдарын экспорттайды.
Глава государства в трудную минуту уделил большое внимание образовательной сфере страны-депутат Жулдыз Сулейменова
