«Шымкент веломарафоны» өтті

1507
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bkmQVxxcQskF1g1JtvSKzZ2yurtZXQxyCRWkldY8.jpg

Шымкентте қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту және велоспортқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Шымкент веломарафоны» ұйымдастырылды.

Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болған шараның ашылу салтанаты «Тәуелсіздік» саябағында өтті. Одан кейін 350-ге жуық қатысушы 20 шақырымдық қашықтықты бағындыру үшін Ипподромға қарай жолға шықты.

Биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылған веломарафонға әртүрлі жастағы қала тұрғындары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов қатысушыларға сәттілік тілеп, веломарафонның ауқымы жыл сайын кеңейіп келе жатқанын, қалада велоспортты бұқаралық деңгейде дамытуға басымдық беріліп отырғанын жеткізді.

Жарысқа қатысқан жас велошабандоздардың бірі – 14 жастағы Арман Диасұлы. Ол «Шымкент веломарафонына» биыл екінші рет қатысып, бұл жолы да 20 шақырымдық қашықтықты еңсеруге ниетті екенін айтты.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар тұрғындардың дене белсенділігін арттырып қана қоймай, қалада бұқаралық спорт мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Әсіресе, жастарды спортқа баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру – веломарафонның негізгі бағыттарының бірі.

Сонымен қатар веломарафон қала тұрғындарына өзара тәжірибе алмасып, спортқа деген ортақ қызығушылық төңірегінде бас қосуға мүмкіндік берді. Қатысушылар белгіленген бағыт бойынша қозғалып, өздерінің төзімділігі мен физикалық дайындығын сынады. Шара барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау мен жол қозғалысы ережелеріне бағынудың маңыздылығына да назар аударылды.

Айта кету керек, соңғы жылдары Шымкентте бұқаралық спортты дамытуға бағытталған түрлі жарыстар мен спорттық бастамалар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осындай шаралар тұрғындардың спортпен жүйелі айналысуына серпін беріп, белсенді әрі салауатты қоғам қалыптастыруға негіз болады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да веломарафонның ауқымын кеңейтіп, қатысушылар санын арттыруды көздейді.

Комментарии