«Ағайынды Супер Марио» кейіпкерлері таңдау жасады

54
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yEvk8wl3FscJcJ8UPbvSBX1XZgQSxwqj0pEMhNWh.jpg

Ақтаудағы сайлау учаскелерінің бірінде ерекше әрі көпшілікке жақсы таныс қонақтар - танымал «Ағайынды Супер Марио» мультфильмінің кейіпкерлері өз азаматтық таңдауын жасады.

Кейіпкерлер дауыс беруге қатысып, мерекелік көңіл күй сыйлау үшін сайлау учаскесіне келді. Олардың жарқын костюмдері мен таныс бейнелері сайлаушылар мен сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын бірден аударды.

«Ағайынды Супер Марио» дауыс беріп қана қоймай, айналасындағыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көптеген сайлаушылар кейіпкерлермен қуана суретке түсті. Әсіресе, балалар бұл кездесуге ерекше қуанды.

Бүгін Ақтаудың сайлау учаскелерінде ерекше атмосфера орнаған: мәдени бағдарламалар өтіп, музыка ойнап, тұрғындарға арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. «Супер Марио» кейіпкерлерінің тосыннан келуі мерекелік күннің тағы бір жарқын сәтіне айналды.

Осылайша, Ақтаудағы дауыс беру күні маңызды қоғамдық-саяси оқиға ғана емес, тұрғындарды біріктіріп, бүкіл отбасына көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын күн ретінде өтуде.

Комментарии