Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәні мұғалімі Айжан Ержанова Грекияның Афина қаласында өткен 23-ші International Conference on Mobile Systems and Pervasive Computing (MobiSPC-2026) халықаралық конференциясына қатысты.
18-20 тамыз күндері өткен халықаралық ғылыми жиында ұстаз «Developing Students’ Research Skills through STEM Education in the Context of the Internet of Things» тақырыбындағы зерттеу жұмысын таныстырды. Зерттеу жұмысы STEM білім беру аясында оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға және IoT (Internet of Things) технологияларын оқу үдерісінде тиімді қолдануға бағытталған.
Конференция қорытындысы бойынша ұсынылған ғылыми жұмыстар Elsevier баспасының Scopus халықаралық деректер базасында индекстелетін Procedia Computer Science ғылыми басылымында жарияланбақ.
Халықаралық конференцияға қатысудың тағы бір маңызды нәтижесі - АҚШ-тың Техас штатында 1-4 желтоқсан күндері өтетін International Workshop on Advances in Multimodal Learning шарасына зерттеу жұмысын таныстыруға арнайы шақырту алды.
Согласие, толерантность и дружба – основа нашей жизни: Члены Ассамблеи народа Казахстана о межэтнической политике в стране
