Келіссөз кезінде Украинадағы соғыс тоқтамайды – Лавров

120
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/BE9oDrox3AHbJOFm5nBBdm9uK7YuauuJSmFBB7hl.webp

Фото: Павел Селезнев / ТАСС

Ресей келіссөздер жүргізуге дайын, алайда сол кезеңде Украинадағы соғысты тоқтатпайды. Мұндай мәлімдемені 12 қыркүйек Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жасады, деп хабарлайды “Адырна”.

«Егер Владимир Зеленский кездескісі келсе, Мәскеуге келсін», – деді Ресей министрі Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті барысында.

Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский Майамиде өтетін G20 саммиті аясында кездесуі «мүмкін емес». Бұл туралы Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Нью-Делиде AFP агенттігіне берген сұхбатында айтты.

Ол Украина басшысының ұсынысын қабылдамай, кездесу тек Ресей астанасында өтуі мүмкін екенін айтты.

AFP тілшісі Кремль келіссөздер өткізуге басқа орынды қарастырып жатыр ма деген сұрақ қойған. Песков бұған: «Онымен (Зеленскиймен – ред.) Мәскеуде кездесуге дайынбыз», – деп жауап берді.

Украина президенті Владимир Зеленский 11 қыркүйекте DW-ге берген сұхбатында, егер Ресей президенті G20 саммитіне қатысатын болса, желтоқсанда Майамиде Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

«Иә, әрине. Біз баруымыз керек. Кездесіп, сөйлесіп, шешім қабылдауымыз қажет. Мәселе сөзде емес. Мен оған не айтатыным немесе оның маған не айтқысы келетіні маңызды емес. Маңыздысы – нәтиже. Бар болғаны осы», – деді Зеленский.

Владимир Зеленский мен Владимир Путин Ресейдің Украинаға қарсы 2022 жылғы ақпанда бастаған кең ауқымды соғысынан бері жеке кездескен жоқ.

Ресей президенті 2019 жылдан бері G20 саммиттеріне қатысқан емес.

Қыркүйек айының басында АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер бейбіт келіссөздерді қайта бастау мақсатында Мәскеу мен Киевке барған. Кейін Financial Times басылымы келіссөз жүргізушілердің Мәскеу мен Киевке сапарлары нақты нәтижеге әкелмегенін жазды.

Комментарии