Кен орнында дөңгелек жарылып, екі жұмысшы қаза тапты

85
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HMKjzocLy9vTxQu9VmAFLlBro9BWXrK726OH5ZvK.jpg

Фото: ngmk.uz

Өзбекстанның Навоий тау-кен металлургия комбинатына қарасты «Қызылқұм» кен басқармасында қайғылы оқиға болды. Шиномонтаж жұмыстары кезінде автокөлік дөңгелегі жарылып, екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна”.

Комбинаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 10 қыркүйек күні сағат 15:00 шамасында «Пистали» кен орнындағы №1 көлік цехының қолданыстан шыққан автокөлік шиналарын сақтау алаңында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, жұмысшылар құбыр тасымалдайтын көліктің тіркемесінде шиномонтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде дөңгелек жарылған. Оқиға салдарынан екі қызметкер көз жұмды.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатыр. Сонымен қатар мемлекеттік бақылаушы органдар арнайы тергеу бастап, жазатайым оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтауда.

Комбинат өкілдері болған жағдайға байланысты қажетті шаралар қабылданып жатқанын және мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеу үшін қауіпсіздік талаптары қосымша қаралатынын хабарлады.

Комментарии