Қазақ қызы ғарышқа қашан ұшады? Айдын Айымбетов әлі ерте дейді

208
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EA54fmVHMWHwum7TCaKM0EF4K0xYQY4WhCVgi4H3.jpg

Қазіргі таңда Қазақстаннан әйел ғарышкерді ұшуға дайындауға арналған жеке бағдарлама жоқ. Бұл туралы Space Days Kazakhstan форумы аясында өткен брифингте ғарышкер, Халық Қаһарманы Айдын Айымбетов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның сөзінше, бүгінде еліміздің жетекші университеттері мен ғылыми институттарының ғалымдары пилотталған ғарыш саласына арналған жаңа ғылыми бағдарлама әзірлеп жатыр. Әзірге тек әйелдерден құралған экипаж жасақтау немесе нақты бір әйел-ғарышкерді ғарышқа жіберу туралы айтуға ерте. Дегенмен, Айымбетов қазақстандық қыздардың әлеуеті зор екенін жеткізді.

«Мен көптеген сұхбатымда біздің қыздарымыз жігіттерге дес бермейтінін айттым. Білім берудің қазіргі деңгейі көп нәрсені аңғартады», — деді ол.

Еске салайық, 2025 жылдың қазан айында Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығында ұзақ уақыт оқшаулануға арналған SANA-1 эксперименті өткен болатын. Оған Аэроғарыш комитетіне қарасты ұйымдардың төрт қызметкерінен құралған толықтай әйелдер экипажы қатысқан еді. Олар ғарыштық ұшу жағдайындағы жұмысты имитациялаған.

Комментарии