Донецкідегі әскери бөлімнен өз еркімен кеткен Ресей азаматы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен, деп хабарлайды "Адырна".
Ол Атырауда бір жылдан астам уақыт тұрған. 36 жастағы Александр Чабыевті полиция 2026 жылғы маусымда анықтаған.
Сот материалдарына сәйкес, Чабыев 2025 жылдың мамырында Донецкідегі әскери бөлімнен кеткен. Ол Волгоградқа дейін автостоппен жетіп, кейін Қазақстанға қарай бет алған. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы аумағында шекараны өткізу бекетінен тыс жерде жаяу кесіп өткен.
Ресей азаматының Қазақстанға ресми түрде кіргені туралы дерек болмаған. Ол кейін Атырауға барып, сонда тұрған. Чабыев 2026 жылғы 17 маусымда Атырау облысында экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген тексеру барысында анықталған.
Сотта оның Ресейдің Шығыс әскери округіне қарасты №35390 әскери бөлімінде, 39-шы жеке гвардиялық мотоатқыштар бригадасының құрамында қызмет еткені айтылды. Аталған бригаданың тұрақты орналасқан жері Сахалин облысында.
Чабыев сотта Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткенін мойындады. Оның айтуынша, әскери қызметін жалғастырғысы келмегендіктен және өз өміріне қауіп төнуі мүмкін деп қауіптенгендіктен бөлімнен кеткен. Сондай-ақ Ресейде соғыс қимылдарына қатысудан жалтарғаны үшін қудаланып жатқанын айтты.
Іс Атырау қаласының №2 сотында қаралған кезде Ресейдің әскери тергеу органдары Чабыевты халықаралық іздеуге бергені белгілі болған.
Сот Ресей азаматын кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда ол рақымшылық туралы заң негізінде жазадан босатылды.
Сонымен бірге сот Чабыевтың Қазақстан аумағында қалуына рұқсат бермеді. Оған бес жыл мерзімге Қазақстаннан шығару түріндегі жаза тағайындалды.
В 2023 году местными исполнительными органами города Конаев и районов определены неиспользуемые пастбищные угодья 601 субъекта общей площадью 285,5 тыс. га
