Отыз бес жылдық даудың нүктесі. Риддерде қазақ мектебі ашылды

148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rbyzB9PjDicXn1VK8OqPBBKBJIttiUwyNZMUEZdJ.jpg

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 600 оқушыға арналған жаңа қазақ мектебі пайдалануға берілді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

«Биыл облысымызда 10 мыңға жуық жас бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап отыр. Оның 60-тан астамы осы Шаңырақ мектебіне қабылданды. Жаңа оқу жылында шекаралық аймақ саналатын Марқакөл ауданы, жаңадан құрылған Самар ауданы және өндірісі қуатты Риддер қаласында үш жаңа мектеп пайдалануға берілді. 600 орындық заманауи «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы – келешекте білім мен инновацияның көшін бастап, еліміздің білімді, бәсекеге қабілетті жастарын тәрбиелейтін іргелі білім ордасына айналсын. Жаңа оқу жылы құтты болсын!», – деді аймақ басшысы.

Жаңа мектеп – қаладағы жалғыз қазақ мектебі саналатын «Шаңырақ» білім ордасының 35 жылдан бері шешімін күткен мәселесінің нәтижесі. Бұған дейін мектептің ескі ғимаратының жағдайы, оқу орындарының тарлығы және оқушылардың екі корпусқа бөлініп білім алуы ата-аналар тарапынан көтерілген.

Мәселе Риддерге барған сапарында ата-аналармен кездескен бұрынғы облыс әкімі Ермек Көшербаевқа да айтылған. Кейін оның «Казцинк» компаниясының басшылығымен жүргізген келіссөздері нәтижесінде кәсіпорын жаңа мектептің құрылысын толық қаржыландыруға келіскен.

Қазір оқушылар заманауи талаптарға сай жаңа ғимаратта білім алады.

Комментарии