Норвегия королі V Харальд 89 жасында қайтыс болды

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/6FvnleFx9OkTJgX3nYFUSxsXH7oaj6lVyg13fZU1.jpg

Норвегия королі V Харальд 89 жасында өмірден өтті. Бұл туралы BBC корольдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Монарх жұма күні таңертең Осло университетінің ауруханасында көз жұмған. Ол екі апта бұрын гемолитикалық анемия диагнозымен ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Бұл дерт кезінде эритроциттер қалыптыдан жылдамырақ бұзылады.

V Харальд соңғы жылдары денсаулығына байланысты бірнеше рет ем қабылдаған. 2003 жылы оған қуықтағы қатерлі ісікті алып тастау үшін операция жасалса, 2024 жылы жүрек қызметін қалыпқа келтіру үшін кардиостимулятор орнатылған.

Денсаулығына қатысты қиындықтарға қарамастан, король тақтан кетуді жоспарламаған. Ол Норвегия парламентіне елге өмір бойы адал қызмет етуге ант бергенін айтып, монарх міндетін жалғастыратынын бірнеше рет мәлімдеген.

V Харальд Норвегия тарихындағы маңызды тұлғалардың бірі саналады. Ол XIV ғасырдан бері Норвегия аумағында дүниеге келген алғашқы норвегиялық король болды.

Харальд 1991 жылы әкесі V Олав қайтыс болғаннан кейін таққа отырды. Осы уақыт ішінде ол елдегі ең танымал қоғамдық тұлғалардың біріне айналып, Норвегия халқы арасында кең қолдауға ие болды.

Комментарии