Непалдағы табиғи апат. Екі қазақстандық іздестіріліп жатыр

171
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HsxuAuy2mFh5cv8dpRGHl0NjTgpLGrGlh6jV7AMu.webp

Фото: Subaas Shrestha/NurPhoto/picture alliance

Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат болған аймақта Қазақстанның екі азаматшасын іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұған дейін олардың бірінің туристік топ құрамында Непалдан Қытай аумағына өткендігі хабарланған болатын.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар жергілікті билік органдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар жоғалған азаматтардың жақындарымен тұрақты байланыс орнатылған.

“ҚР Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастыруда. Отандастарымыздың туыстарымен тұрақты байланыстамыз”,– деді Жанболат Үсенов.

Әлеуметтік желілерде іздестіріліп жатқан қазақстандық туристердің аты-жөні де жарияланды. Олар – 1982 жылы туған Анна Щерба мен Ирина Блонская.

Айта кетейік, бұған дейін Непалдан Қытайға өткен тағы бір қазақстандық туристің іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Қазіргі уақытта Непалдағы жойқын су тасқыны мен лай көшкінінің салдарынан қаза тапқандар саны 469 адамға жеткен. Сонымен қатар 800-ден астам жергілікті тұрғын мен шетелдік азаматтың тағдыры әлі белгісіз.

Өңірде құтқару және іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда табиғи апат аймағында жаңа су тасқыны мен көшкін қаупі әлі де сақталып отыр.

 

Комментарии