МӘМС жүйесінде төрт млрд теңгеден астам ақау анықталды

83
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NPySe5hQW7NK8JQWpQZzDgJoLtN4U2DFilN0aiai.jpg

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында медициналық ұйымдарға төлем жасалғанға дейін 4 млрд теңгеден астам ақау анықталды, деп хабарлайды "Адырна".

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Ақауларды антифрод жүйесі анықтаған. Яғни ықтимал негізсіз төлемдер медициналық ұйымдарға қаражат аударылғанға дейін бұғатталады. МӘМС реформасы аясында төлемдерді бақылау превентивті форматқа көшіріліп жатыр. Бұған дейін бақылау төлем жасалғаннан кейін жүргізілсе, қазір қаржы аударылмай тұрып тексеріледі. 2026 жылдың қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қаржы министрлігінің қарамағына берілді. Ақпан айынан бастап қаржыландыруды басқарудың бірыңғай цифрлық контурына көшу жұмыстары жүргізілуде.

Медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу, бақылау және төлеу процестері Qalqan цифрлық платформасына кезең-кезеңімен көшіріліп жатыр. Қазір платформа 207 клиникада пилоттық режимде сынақтан өтуде. Оның көмегімен медициналық көмектің 92 түрінің 20-сы бойынша төлем жүзеге асырылып, тағы 60 түрі бойынша тестілеу жүргізілуде. Жыл соңына дейін медициналық көмектің барлық түрін платформада өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланған.

Комментарии