Демалыс күніне қарамастан, таңнан бері сайлау учаскелеріне келушілер легі толастар емес. Дауыс беру үдерісі біртіндеп баршаға ортақ үлкен оқиғаның сипатына ие болып келеді: бір жерде таң батамен басталса, енді бір жерде сайлаушыларды дәстүрлі шашумен қарсы алып жатыр.
Ал кейбір тұрғындар таңғы жүгіруден, велошеруден немесе футбол жаттығуынан кейін дауыс беруге барған. Кейбір учаскелерде таңғы сағат 7:00-де, ашылған сәттен бастап кезек жинала бастаған. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, осы уақытқа дейін еліміздің 20 өңірінде 10 363 учаске жұмысын бастады. Тағы 79 учаске шетелде құрылды.
Өңірлерден тараған кадрларға қарағанда, қазақстандықтар сайлау күніне спорттық, көтеріңкі әрі кей тұста тосын көріністерімен ерекше көңіл күй сыйлап жатыр.
Мәселен, Астанада бір бойжеткен дауыс беруге үй халатымен және адамға ұқсас роботтың сүйемелдеуімен келді. Ал елордалық жүгірушілер таңғы жүгіруін сайлау учаскесінің алдында аяқтады. Ақтөбеде сайлау учаскесіне бір мезетте 20 велосипедші келді.
Алматыдағы сайлауға тіпті «Месси» мен «Роналду» да келді. Рас, олар бойтұмар кейіпкерлердің костюмін киген еді. Дауыс беру алдында ерекше футбол дуэті №294 сайлау учаскесінің маңында доппен жаттығу жасап, айналасына әп-сәтте көрермен жинады.
Бір жерде дауыс беру күні батамен басталса, енді бір жерде таңғы жүгірумен, футболмен немесе велошерумен жалғасты. Учаскелерде алғаш рет дауыс беріп жатқандарды қарсы алып, алғашқы сайлаушыларды құттықтап жатыр.
Алматыда Құрылтай есімді сайлаушы бүгінгі күннің ең символикалық оқиғаларының бірінің басты кейіпкеріне айналды. Қала тұрғыны Құрылтайдың алғашқы сайлауына қатысу үшін сайлау учаскесіне келді.
Бұл жексенбілік таңның ең басты көрінісі – адамдардың сайлау учаскелеріне әлі де ағылып жатқаны. Демалыс күні енді ғана басталғанымен, елдегі сайлау учаскелерінде қазірдің өзінде халық қарасы қалың.
Генплан-2040: «Развитие общественного транспорта – это формирование высококвалифицированного технического рынка труда» - эксперт
