Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда орталығында келушілер неге эвакуацияланды?

134
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K7sZbVRzcWB5595Ve5ZgCveEO2R0RWMkuJE0r2N8.jpg

Алматыдағы MEGA Alma-Ata сауда-ойын-сауық орталығында өрт дабылы іске қосылып, келушілер эвакуацияланды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің көліктері барған.

Әлеуметтік желілерде сауда орталығынан адамдардың шығарылып жатқан сәті және ғимарат маңындағы өрт сөндіру көліктері түсірілген бейнежазбалар тарады. Кадрларда келушілерден ғимараттан шығуды сұрағаны естіледі.

Сауда орталығы әкімшілігінің мәліметінше, нысанда автоматты өрт дабылы іске қосылған.

«Жағдай бақылауда, барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Орталық жұмысын жалғастыруда. Келушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазір тексеру жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады сауда орталығының әкімшілігі.

Алматы қаласының ТЖД шақырту бойынша өрт сөндіру қызметі барғанын, алайда жоғары шақырту дәрежесі расталмағанын атап өтті.

«Ашық жану анықталған жоқ. Автоматты өрт дабылының не себепті іске қосылғанын мамандар анықтайды», – деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Комментарии