Дастан Сәтбаев “Челсиден” уақытша ауысты

150
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/bffl0S5wwBNzziwVi9UNxGnZFJho4nDVivPLJA9K.webp

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев лондондық «Челси» клубынан Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернлиде» бір маусымға ойнамақ, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

«Бернли» клубы қазақстандық футболшының команда құрамына қосылғанын ресми түрде жариялады.

«Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтбаев «Челсиден» бір маусымға жалға алынды», – деп жазды ағылшын клубы.

Сәтбаевтың ауысуы қазақстандық жанкүйерлердің де назарын аударды. «Бернли» әлеуметтік желідегі парақшаларында футболшыға қатысты бірнеше жарияланым жасап, отандық жанкүйерлердің белсенді қолдауына ие болды.

Дастан жаңа клубқа ауысуын мансабындағы маңызды тәжірибе ретінде бағалады.

«Бұл тек бастамасы. Жалға алу – мені одан әрі шыңдайтын жаңа тәжірибе. Алда бұдан да жақсы кезеңдер бар. Алға, Қазақ елім!» – деп жазды футболшы Instagram парақшасында.

«Бернли» – 1882 жылы құрылған Англияның кәсіби футбол клубы.

Комментарии