«Павлодар - біздікі» деген ресейлік стримерге елге кіруге тыйым салынды

402
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3pPcAeMTONKkPqR923B8Gh0sN0k0mGrEntuDr8v8.webp

Fasoollka лақап атымен танымал шетелдік стример қыз Ксения Гузаева Қазақстан мен ел азаматтарына қатысты арандатушылық мәлімдемелері үшін елден депортацияланды. Оған Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Гузаева Қазақстанға тамыз айының басында келген. Алайда оған дейін-ақ оның айтқан сөздері қазақстандық әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен наразылық тудырған болатын. Стример Алматының орталығында киіз үйлер мен атқа мінген адамдарды көремін деп ойлағанын мәлімдеген.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Пәкістанның арасында айырмашылық көрмейтінін айтып, елді «Штрафстан» деп атаған. Бұдан бөлек, Fasoollka Павлодарды Ресей қаласы деп атап, Алматыны ауылға теңеген және «теңге» сөзін дұрыс айтпағаны үшін айтылған сынға жағымсыз реакция білдірген.

«Сот шешімімен шетелдік азаматшаға әкімшілік айыппұл салынды. Заңға сәйкес оның елден шығарылуы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ оған Қазақстанға кіруге 5 жылға шектеу қойылады», – деді Астана полициясы.

Комментарии