«Отбасы банкте» сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды

278
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mRtfllK2qC060Vbarlj3FofVMzIcwSfW65bVFv09.jpg

2025 жылы «Отбасы банктің» бірқатар қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілер анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы банктің Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған жылдық есебінде айтылған.

Банк мәліметінше, кейбір қызметкерлер клиенттердің, риелторлардың, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың мүддесін ілгерілету, сондай-ақ тұрғын үй кезегіндегі орындарды жылжыту үшін заңсыз сыйақы алған. Сонымен қатар банктің филиалдарының бірінде қызметкер клиенттердің несие қабілеттілігін растайтын жалған табыс туралы құжаттар дайындап, оларды кредиттік өтінімдерге тіркегені анықталған.

Аталған қызметкерлермен еңбек шарттары жұмыс берушінің бастамасымен, сенімнің жоғалуына байланысты бұзылған.

Банк анықталған фактілер бойынша құқық қорғау органдарына тиісті өтініштер жолдаған. Қазіргі уақытта бірқатар қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Банк есебінде аталған істер бойынша тергеудің нәтижелері туралы қосымша мәлімет келтірілмеген.

 

Комментарии