Қазақстанға кіру үшін шетелдіктерге электрондық рұқсат беріледі

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/TgpWAATluOMJ9CMpSXZk6Zlg0f1Fh5bFWHNwoiS8.png

Қазақстанда шетел азаматтарының елге кіру тәртібіне өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі әзірлеген құжатта жарияланды, деп хабарлайды "Адырна".

Жаңа түзетулерге сәйкес, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру үшін электрондық рұқсат беру жүйесі енгізіледі. Министрліктің мәліметінше, бұл көші-қон үдерістерін есепке алудың ашықтығы мен жеделдігін арттырып, деректердің толық әрі нақты жиналуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ электрондық рұқсатты рәсімдеу үшін алынатын төлем мөлшерін саралау ұсынылған. ІІМ бұл қаражат жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, цифрлық инфрақұрылымды жаңғыртуға және дербес деректерді қорғауға бағытталатынын атап өтті.

Жаңа жүйені 2026 жылдың тамызы мен желтоқсаны аралығында кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған. Бұл шекарадағы өткізу бекеттері мен логистикалық инфрақұрылымды жаңа талаптарға біртіндеп бейімдеуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, аталған құжат «Ашық НҚА» порталында жария талқылауға шығарылды. Қоғамдық талқылау 17 тамызға дейін жалғасады.

Комментарии