31 шілдеде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында Үміт есімді амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді, деп хабарлайды "Адырна".
Үміт мамыр айында Ресейден Қазақстанға бір аталық жолбарыс және екі күшігімен бірге жеткізілген.
«Бүгін біз шын мәнінде тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз. Қазақстан аумағында жолбарыс жойылып кеткеніне 70 жылдан астам уақыт өткен соң алғаш рет жолбарыс өзінің тарихи мекендеу ареалына қайта жіберілді. Бұл – мемлекетіміздің, ресейлік әріптестеріміздің, ғалымдар мен халықаралық серіктестердің көп жылғы бірлескен еңбегінің нәтижесі. Алда жолбарыстарды тұрақты бақылау және орнықты популяция қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыс күтіп тұр. Дегенмен бүгін осы маңызды істің алғашқы әрі аса маңызды қадамы жасалды», – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Табиғатқа жіберілер алдында ол ветеринарлық тексеруден өткен. Жолбарысқа GPS-қарғыбау тағылған. Енді мамандар оның қозғалысын спутник пен фототұзақтардың көмегімен бақылап отырады.
Ал Тұран мен Уссури атты екі күшік 18 айға дейін зоологтардың бақылауында болады
Исполнение поручений Президента: вице-премьер Ермек Кошербаев проверил зоны отдыха на побережье озера Алаколь
