Президент Тоқаев Қатарға барып, ел басшылығына көңіл айтты

97
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/xDDmzAzG0xzzKWZPKldQsjZGuiWsGKnsCvGyxgIt.webp

Мемлекет басшысы Қатарға барып, әмірдің әкесі шейх Хамад бен Халифа Әл Танидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақорданың хабарлауынша, Президент шейх Хамадтың Қатар мемлекетін дамытуға және оның халықаралық беделін нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.

“Шейх Хамад әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткері әрі қазақ халқының шынайы досы болды. Оның есімі Қатардың тарихи жетістіктерімен тығыз байланысты”, – деді Президент Тоқаев.

Мемлекет басшысы шейх Хамадтың Қазақстан мен Қатар арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ерекше үлес қосқанын айтты. Сондай-ақ оның бастамасымен Астанада Әл-Фараби атындағы мешіт салынып, Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылғанын еске салды.

Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қазақстан Президентіне арнайы келіп, көңіл айтқаны үшін алғыс білдіріп, мұны екі ел арасындағы достық пен бауырластықтың белгісі екенін жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Иран аятолласын жерлеуге Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қатысқан.

Комментарии