Қазақстанның Иранда жалға алған жеріне шабуыл жасалды ма? Министрлік жауап берді

144
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F4jy8nju8S7ISBQEqPogyuG0Mr6c97r6FOaecC6Q.webp

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанның Иранда жалға алған жер теліміне шабуыл жасалды ақпаратқа жоққа шығарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан жалға алған аумақта ешқандай әуе шабуылы болған жоқ», – деді Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Тойгүл Жұбанисова.

Оның айтуынша, бұл мәліметтер Иранның Хормозган провинциясының Порттар және теңіз қатынасы ұйымымен келісімге қол қойған «QazTrade» АҚ деректеріне негізделген.

Еске салайық, 7 шілдеде Қазақстан мен Иран Бендер-Аббас қаласындағы Шахид-Раджаи портында қазақстандық көлік-логистикалық терминал салу үшін жер телімін беру жөніндегі BOT келісіміне қол қойған болатын. Келісім 27 жыл мерзімге жасалған. Оның ішінде 2 жыл терминал құрылысын жүргізуге, ал кейінгі 25 жыл нысанды пайдалануға арналған. Терминалды коммерциялық пайдалануға беру жобаны іске асырудың үшінші жылына жоспарланған.

Ал бүгін, 8 шілдеде Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің оңтүстігіндегі Сирик қаласында, Кешм аралында және Бендер-Аббас маңында жарылыстар болғанын хабарлады.

Комментарии