Ер адам әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

243
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Алматыда отбасылық жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Қайғылы оқиға Брусиловский көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, пәтерде туындаған жанжал кезінде 34 жастағы ер адам 59 жастағы өгей әкесіне асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем қызметі зардап шеккен азаматтың өмірін сақтап қалуға тырысқанымен, ол көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудан көз жұмды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол – марқұмның 34 жастағы өгей ұлы.

«Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған. Оқиғаның бір нұсқасы ретінде жанжалдың күдіктінің анасымен болған кикілжіңнен кейін туындағаны қарастырылып жатыр. Бұл жағдайлардың барлығы тергеу барысында жан-жақты тексеріледі», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Комментарии