Журналист Қуат Әуесбай жаңа қызметке тағайындалды

215
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ONk1BfLf9N3q0Msrl1Grx8UORLqKbM73kTraGgM9.jpg

Қуат Әуесбай «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қуат Әуесбай 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін бітірген. Кейін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратура мен докторантураны тәмамдап, 2025 жылы журналистика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін иеленді.

Еңбек жолын 2005 жылы «Ана тілі» республикалық газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары «Айқын» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, Мемлекеттік жер ғылыми-өндірістік орталығының Баспа және редакциялау бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстан жер ресурстары» журналының бас редакторы, «Ақ желкен» журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Сондай-ақ «Халық сөзі» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы хатшылығының сарапшысы, Ұлттық музейдің Жұртшылықпен байланыс бөлімінің меңгерушісі болды. Кейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары және Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің директор – бас редакторы қызметтерін атқарды.

2019–2021 жылдары «Turkistan» халықаралық газетінің директоры – бас редакторы болып еңбек етсе, 2023 жылдан бастап «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде интернет-редакция жетекшісі, кейін бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.

Қуат Әуесбайдың ақпарат саласындағы еңбегі жоғары бағаланып, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, «Халық алғысы» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Комментарии