Алматыда «Әбіл» фильмінің жабық көрсетілімі өтеді

340
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CHoxMV9yi8aMjlXvN74dykqKmBQ9AmwrESNQ9rLE.jpg

22 маусым күні Алматыдағы «Арман» кинотеатрында «Әбіл» фильмінің жабық премьералық көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Достық даңғылы, 104 мекенжайында орналасқан «Арман» кинотеатрының көк залында толықметражды көркем фильмнің Қазақстандағы жабық премьерасы өтеді», – делінген хабарламада.

Қонақтарды қарсы алу сағат 18:30-да басталады. Ал киносеанс 19:30-да көрсетілмек. Фильм қазақ тілінде ұсынылады.

Бұған дейін қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі Франция кинотеатрларында көрсетілген еді.

Айта кетейік, фильм Кеңес одағы құлап, колхоз-совхоз тарап, мал-мүлік бөліске түсіп, елде приватизация орын алған кезеңдегі қиянатқа ұшыраған қарапайым адамдар мен қараусыз қалған қазақ ауылындағы бейберекетсіздікті суреттейді. Сол арқылы кинотуынды тәуелсіздік басындағы күрделі уақыт аясындағы қазақ халқының рухани кейпіне, психологиялық күйіне әлеуметтік талдау жасайды. Фильмде кеңестік жүйе кезіндегі адам өмірінің құнсыздығы, қазақ халқының бастан кешкен жағдайы, тұрмыс қалпы, өз елінде, өз жерінде дискриминацияға түскендігі, социализмнен капитализмге ауысу тұсындағы екіұдай сезім, сонымен қатар жемқорлықтың пайда болуы жайлы да ой қозғайды.

Комментарии