Ақмола облысында 17 тонна саңырауқұлақ тиеген жүк көлігі аударылды

148
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/KS0qCCzar2hXo1m4ApvAu9YftrlvJvxmlnP7bb9b.webp

Ақмола облысында шамамен 17 тонна саңырауқұлақ тиеген жүк көлігі аударылып қалды. Оқиға 18 маусымға қараған түні Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 327-шақырымында болған, деп хабарлайды "Адырна".

Полицияның алдын ала мәліметінше, Mercedes-Benz жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі кюветке түсіп кеткен. Соның салдарынан фура аударылған.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің медициналық көмекке мұқтаж еместігін анықтап, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Жүргізушінің айтуынша, жүк Ресейден Қостанай арқылы Астанаға жеткізіліп жатқан. Ол жолда жеткілікті демалмағанын және рөлде отырып қалғып кетуі мүмкін екенін айтқан.

Апат кезінде кабинада жүргізушінің өзі ғана болған. Көлік қатты зақымданғанымен, ер адам зардап шеккен жоқ. Полицейлердің мәліметінше, оның қауіпсіздік белдігін таққаны ауыр зардаптардың алдын алған.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Комментарии