Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барып, Алатау қаласының даму жоспарымен танысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президенттің Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласын дамыту тұжырымдамасының таныстырылымынан басталды. Қазіргі уақытта қаланың аумағы 88 мың гектарды құрайды. Ол 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамитын төрт функционалдық аймаққа бөлінген.
Ақорданың мәліметінше, бүгінде қаланың негізгі өсу нүктелері мен басым даму аумақтары айқындалған. Магистральдық инфрақұрылымды дамыту бойынша жол картасы жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын конституциялық заң қабылданған.
Қазір Gate City тұрғын ауданында белсенді құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бір жайлы мектеп пайдалануға берілген. Сондай-ақ қала аумағында «Маревен Фуд», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді бес жүйе құраушы кәсіпорын жұмыс істеп тұр.
Бұдан бөлек, жалпы құны 2 триллион теңгеден асатын 53 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылған.
Олардың қатарында PepsiCo компаниясының Орталық Азиядағы ең ірі картоп өңдеу зауытының құрылысы, Mars Petcare компаниясының үй жануарларына арналған жем өндіретін заманауи кәсіпорны, KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясының дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар өндірісі жобасы бар. Ал «Исткомтранс» пен G-Trans компаниялары логистикалық кластер қалыптастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сапар барысында Мемлекет басшысына Алатау қаласының флагмандық жобаларының бірі саналатын Iconic Complex көпфункционалды кешенінің тұжырымдамасы таныстырылды. Жобаны Gate District ауданында салу жоспарланған.
Глава государства в режиме телемоста принял участие в церемонии запуска подачи природного газа в город Косшы
