Алматыда студенттерге арналған жатақханалар санын көбейту мақсатында инвесторларды жаңа құрылыс және қайта жаңғырту жобаларына қатысуға шақырып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл жұмыс мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бастаманың негізгі мақсаты – қаладағы студенттерді заманауи, жайлы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Бағдарлама бойынша инвесторлар жаңа жатақхана сала алады немесе қолданыстағы ғимараттарды студенттік тұрғын үйге бейімдей алады. Жоба бизнес өкілдері үшін де тиімді тетіктерді қарастырады. Атап айтқанда, студенттердің тұру ақысы есебінен тұрақты табыс табуға, жатақхана аумағындағы коммерциялық кеңістіктерді пайдалануға, банктік несие бойынша субсидия алуға және жер телімдерін рәсімдеуге мүмкіндік бар.
Сонымен қатар инвесторларға құжаттарды рәсімдеу кезінде тегін заңгерлік кеңес беріліп, толық сүйемелдеу көрсетіледі.
Алматы қаласында студенттік жатақханалар санын арттыру үшін құрылған жобалық кеңсе мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын үйлестіріп келеді. Қазіргі уақытта жобаға 120-дан астам инвестор қызығушылық танытқан. Бұл студенттік инфрақұрылымды дамытуға бизнес қауымдастық тарапынан сұраныс жоғары екенін көрсетеді.
Турксибский район Алматы укрепляет зеленый статус: более 772 тыс. деревьев и новые озелененные улицы
