Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Таяу Шығыстағы қақтығыс кезінде қазақстандықтарды эвакуациялау шығындары туралы мәлімдеді. Бұл туралы ол 19 мамыр күні Үкіметтегі баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды "Адырна".
Министрдің айтуынша, алғашқы кезеңде шамамен 4 мың адам елге қайтарылған. Кейін қақтығыс аймағында 10 мыңнан астам қазақстандық бар екені анықталған.
«Біз әуе компанияларының шығындарының бір бөлігін өтедік. Себебі ол жақта болған жолаушылардың бір бөлігі кері билеттерін осы әуе компанияларынан сатып алған, яғни қызмет құны ішінара төленген. Соған сәйкес, біз белгілі бір бөлігін қосымша төледік. Сонымен қатар азаматтардың бір бөлігін Дубайдан жағдайы тұрақтырақ көршілес елдерге жеткізу қажет болды. Осы шаралардың барлығына шамамен 4 млн доллар жұмсалды», – деді министр.
2026 жылғы 14 наурызда Сыртқы істер министрлігі жалпы саны 10 275 адамның Қазақстанға оралғанын хабарлаған еді. Эвакуация әртүрлі бағыттар, соның ішінде әуе және жерүсті жолдары арқылы жүргізілген.
Фонд «Самрук-Қазына» проведет встречу с жителями города Уральск по вопросам реализации программы IPO
