Ақтөбеде тағы бір әкім өлі табылды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/8IW6e3aTuwCqVJxo11oOTRM3rJFmqh40TJ14PAnw.webp

Ақтөбе облысында Кенқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі күйінде табылды. Ақпаратты облыстық әкімдік растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Марқұм 4 мамырда Қуанышбек Серікжанов қызметтен босату туралы өтініш жазған, ал 5 мамыр күні оны қызметінен босату жөніндегі бұйрыққа қол қойылған. 6 мамыр күні таңертең Серікжанов Кенқияқ ауылындағы өз үйінде өлі күйінде табылған.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті 1983 жылы туған ер адамның қаза табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

«Тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызеті.

Белгілі болғандай, Қуанышбек Серікжанов мемлекеттік қызметте 2013 жылдан бері жұмыс істеген, ал ауылдық округ әкімі қызметін 2023 жылдан бері атқарған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысының Темір қаласының әкімі де өлі күйінде табылған еді.

Комментарии