Иран мен АҚШ арасындағы қақтығыс қайта басталуы мүмкін – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iga78dclURqqDnKIH4HeTA43WwJS9ot93ywp9fY5.webp

Иран мен АҚШ арасындағы әскери шиеленіс қайта ушығуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Fars агенттігіне сілтеп.

Бұл туралы Иран қарулы күштері орталық штабы басшысының орынбасары генерал Мохаммад Джафар Асади мәлімдеген.

Генералдың айтуынша, бейбіт келіссөздер тығырыққа тірелсе, екі ел арасындағы қақтығыстың қайта басталу ықтималдығы бар. Ол АҚШ тарапы келісімдерді толық орындамай отыр деп санайды.

Асади Иран қарулы күштері кез келген ықтимал арандатушылыққа толық дайын екенін атап өтті.

Ал бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран тарапынан берілген ұсыныстарға көңілі толмайтынын білдірген. Оның айтуынша, келіссөздерде ішкі келіспеушіліктер бар, бұл мәмілеге келу процесін қиындатып отыр. Ақпарат көздеріне сәйкес, Иран тарапы Ормұз бұғазында еркін кеме қатынасын қамтамасыз ету және атысты ұзарту сияқты ұсыныстар енгізген. Алайда ядролық бағдарламаға қатысты негізгі мәселелер кейінге қалдырылған.

Сонымен қатар, АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қарсы ықтимал соққы жоспарын әзірлегені туралы мәлімет тараған. Дегенмен түпкілікті шешім қабылданбаған.

Соңғы келіссөздер сәуір айында өткенімен, тараптар арасындағы ядролық бағдарламаға қатысты келіспеушіліктер әлі де сақталып отыр.

Комментарии