Мектеп жасындағы өтпелі кезеңдер

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wc5YTcRVyhCpUqoPT9LII81NQ9vRbsgNxkTi7frU.jpg

Өтпелі кезеңдегі дағдарыс – адам өміріндегі табиғи әрі заңдылыққа негізделген даму кезеңі. Өтпелі кезеңде адам ішкі құндылықтарын қайта бағалап, өзгерістерге бейімделеді және тұлғалық өзгерістерді бастан кешіреді.

Аталған кезеңдер ішкі қарама-қайшылықтарға толы, сондықтан адамға үйреншікті өмір салтын өзгертуді және жаңа тіректерді іздеуді талап етеді. Бұл өз кезегінде тұлғаның әрі қарай дамуы үшін аса маңызды болып табылады.

Мектеп жасындағы өтпелі кезең психиканың жас ерекшеліктеріне байланысты трансформациясының ажырамас бөлігі болып табылады. Осы арқылы бала өсіп, тұлға ретінде қалыптасады. Егер балада ешқандай өзгеріс байқалмаса, өтпелі кезең жоқ деген сөз емес, тек оның өтуі мен қабылдануы өзгеше сипатта болады…

Жасөспірімнің қарсылық көрсетуі – қалыпты жағдай, ал ересек адамның бүлік шығаруын айналасындағылар қабылдамайды.

Ендеше, өтпелі кезеңдегі дағдарыс әдетте қалай бөлінетінін және бала психологиясына әсерін "Өркен" балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының психолог маманы Башкаева София жан-жақты қарастырады.

Балаларда ата-аналар мен педагогтер алғаш байқайтын кезең – 1-сыныптағы дағдарыс. Бұл уақытта балада жаңа орта қалып тасып, жаңа кезеңдер басталады.

 7 жастағы дағдарыс. Бұл – өзін-өзі басқару кезеңі, ол баланың мінез-құлқын қарапайым ережелер арқылы реттей бастайтын 1 жас кезеңіндегі дағдарысқа ұқсайды. Бұл кезеңдегі негізгі қажеттілік – құрмет. Осы кезеңде балада «ішкі ата-ана» деп аталатын психологиялық құрылым қалыптаса бастайды. Ол өзіне маңызды ересектердің, ең алдымен ата-анасының мінез-құлқын бойына қабылдап, ішкі әлеміне енгізеді. Кейін осы үлгілерге сүйеніп әрекет етеді. Егер интериоризация (мінез-құлық ережелері мен нормаларын ішкі сенімдер, сезімдер мен дағдылар деңгейінде терең меңгеру) жүзеге асса және баланың санасында тұрақты, қолдаушы, мақұлдаушы әрі ынталандырушы ішкі ата-ана бейнесі қалыптасса, бала ата-анасы қасында болмаған жағдайда уайымға берілмей, қорқынышсыз және алаңсыз қабылдай алады.

Бұл дағдарыс бастауыш сыныптан бастап шамамен 12 жасқа дейін созылады. Осы уақыт аралығында бала қарсылық көрсетсе де, біртіндеп бейімделуге үйренеді.

Осы кезеңде баланың дамуында қандай өзгерістер байқалады?

Сөздік-логикалық ойлау, өзін-өзі реттеу дағдылары, ерікті мінез-құлық, ерік-жігер және рефлексия қабілеті дамиды .

Өз әрекеттерін жоспарлай білудің дағдылары қалыптасады 

Оқу ұжымындағы қарым-қатынасты нығайту үшін балада өзгелермен байланыс орнатуға деген ұмтылыс пайда болады 

Өзін-өзі бағалау өзгереді

Одан кейін жаңа дағдарыс басталады. Оны ең эмоционалды, дүрбелеңді және айқын дағдарыс деп сипаттайды (әсіресе оны алғаш көріп тұрған ата-аналар үшін). Бұл – 12–15 жас аралығындағы жасөспірім кезеңінің дағдарысы. Алдағы үш жыл бойы баланың басты ізденісі – «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап табу.

Жасөспірімнің қажеттіліктері:

Басқалардан ерекшеленгісі келу

Өзін, ішкі әлемін тану, өзіндік орнын анықтау

Мектепте және одан тыс белсенді болу

Қатарластарымен және ересектермен өзара құрмет пен достыққа негізделген қарым-қатынас орнату

Жақсы физикалық формада болу

Қабілетін көрсетуге және табысты болуға ұмтылу

Тұрақты әрі сенімді түрде даму

Жасөспірімге бір уақытта көптеген жаңа әлеуметтік міндеттер жүктеледі. Бұған қоса, оның организмінде өткір гормондық өзгерістер жүреді, оларға бейімделуге және дұрыс қабылдауға уақыты болмайды. Жүйке жүйесі шегіне жетіп, жаңа әлеуметтік рөлдер барлық жақтан қысым көрсетеді. Нәтижесінде ішкі алаңдаушылық, агрессия және дүрбелең күй пайда болады.

Негізгі өзгерістер

абстрактылы ойлау

өзін-өзі тану

өзін ересек сезіну

құндылықтарды қалыптастыру

Одан кейін жасөспірімдік кезең – 14 жастан 21 жасқа дейін. Бұл кезеңде маңызды шешімдер қабылдау және ересек өмірге қадам басумен байланысты. Ата-анадан сепарация өту, олардың қорқыныштары мен уайымдары, көбіне жаңа шынайылықтарға дайын еместігі байқалады.

Жасөпірімдік кезеңнің басты ерекшелігі – осы уақытта ересек өмірге қадам басу жүзеге асады және тұлғаның тұрақты мінез-құлық ерекшеліктері толық қалыптасады. Егер жасөспірім кезеңінде балалықтан ересектікке өту басталса, әдетте балалық қасиеттер басым болып, тек алғашқы ересек көріністер ғана байқалады, ал жастық кезеңде балалық сипаттар азайып, қалыпты дамуы кезеңінде бұл қасиеттер мүлде жойылады.

Осылайша, жасөспірімдік кезеңде адам толық тұлғалық және әлеуметтік жетілуге қол жеткізеді.

Әдетте, осы уақытта отбасындағы қарым-қатынастар ең жоғары шиеленіс деңгейіне жетеді.

Ата-анамен жанжалдардың себептері

Шектен тыс қаталдық

Әділетсіздік

Жаман көңіл-күйді басқара алмау

Бос уақыттың болмауы

Жалпы, жасөспірімдік кезеңді келесі белгілер сипаттайды:

1) жалпы эмоционалдық, интеллектуалдық және әлеуметтік жетілу;

2) құқықтық тұрғыда ата-анаға тәуелсіз болу;

3) мамандық таңдау;

4) бос уақытты ұйымдастыру дағдылары;

5) ар-ұждан мен жауапкешілікті түсіну негізіндегі өмір психологиясын құру;

6) өзін-өзі тану.

Ересек өмірге жету – жасөспірімдік кезеңнің негізгі мақсаты болып табылады.

Комментарии