«Өрттен 18 адам қаза тапты». Жалған ақпарат таратқан Семей тұрғыны жазаланды

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UxRj6IbaPUCwpx9uOli6GuE55bVF35cmni5frMqZ.jpg

Абай облысында сот Семей тұрғынына өрт туралы жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды "Адырна".

Оқиға 2026 жылдың 3 наурызында Семей қаласындағы «Balapark» балалар ойын-сауық орталығында болған өрттен кейін тіркелген. Төтенше жағдай қызметтерінің жедел әрекетінің арқасында адам шығыны болған жоқ.

Алайда қала тұрғыны Instagram әлеуметтік желісіндегі қалалық пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адамның қаза тапқаны туралы жалған мәлімет жариялаған. 

Абай облысы прокуратурасының мәліметінше, мұндай ақпарат қоғам арасында негізсіз үрей туғызып, қоғамдық тәртіпке кері әсер етуі мүмкін.

Жедел жүргізілген тексеру нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот отырысы барысында әйел өз кінәсін толық мойындады.

Сот шешімімен ол ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 86 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

 

 

Комментарии