Қостанайда референдум күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CmYJavjIRFLNqc4AFIvd888Ifz0oqHfksxybDQWD.jpg

Қостанай қаласында республикалық референдум өтетін күні тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында қоғамдық көлікте жол жүру уақытша тегін болады.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 15 наурыз күні сағат 07:00-ден 13:00-ге дейін қала ішіндегі автобустарда жол жүру ақысыз ұйымдастырылады. Бұл шара қала тұрғындарының өз сайлау учаскелеріне еш кедергісіз жетуіне және маңызды қоғамдық-саяси науқанға қатысуына мүмкіндік береді.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қабылданған шешім референдум күні азаматтардың белсенділігін арттыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Сонымен қатар Наурыз мейрамын мерекелеу күндері де қоғамдық көлік жұмысына өзгерістер енгізіледі. 21 және 22 наурызда, негізгі мерекелік іс-шаралар өтетін уақытта, қалалық автобустардың жұмыс уақыты бір сағатқа ұзартылады. Яғни соңғы автобустар соңғы аялдамалардан әдеттегі 22:00 орнына 23:00-де қатынайтын болады.

Бұл шаралар қала тұрғындары мен қонақтарының қала ішінде еркін қозғалуына, мерекелік іс-шараларға қатысып, олардың аяқталғаннан кейін үйлеріне ыңғайлы жетуіне мүмкіндік береді.

Комментарии
Другие материалы