Арман Қырықбаев: Президенттің жаңа Ата Заңда көрініс тапқан өміршең идеялары халықтың көкейінде жүрген дүниені дөп басып отыр

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wQR6sYtBsaoHsOC7nfPPchB4ex7Lce6oKL6wFGBn.jpg

Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев алып қала Алматының жастарыменбірге жаңа Конституцияның негізгі ережелерін талқылап, олардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Ашық әрі мазмұнды өткен кездесу барысындастуденттер, белсенділер мен қоғам өкілдері жаңа Ата Заң туралы сауалдарын қойып, ел болашағына қатысты маңызды пікірлерін айтты.

Іс-шарадан кейін Арман Қырықбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, жастардың конституциялық реформаға деген қызығушылығы мен ықыласы зор екеніне назар аударды.

«Жастардың тарапынан елімізде болып жатқан ауқымды өзгерістерге деген үлкен ықыласты байқап тұрмын. «Жаңа Конституция жастарға не береді?» деген сияқты қарапайым көрінгенімен, бірақ аса маңызды сауалдар қойылды. Тіпті Конституцияның кейбір баптарына дейін үңіліп, оның мағынасын сұрағандар болды. Жастар референдумға шығарылып жатқан Ата Заңның ең алдымен өздерінің болашақ өмірін реттейтінін, Қазақстан Республикасының болашағын айқындайтын құжат екенін өздері түсініп, түйсігімен сезініп отыр», – деді Президенттің көмекшісі.

Сұхбат барысында ол жаңа Конституцияның жобасында Президенттің «Әділетті Қазақстан», «Заң мен Тәртіп», «Таза Қазақстан» секілді стратегиялық идеялары толықтай көрініс тапқанынатап өтті.

«Президент өз Жолдауларында, мақалалары мен сөздерінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты, қоршаған ортаға қамқорлық, еліміздің мыңжылдық тарихи сабақтастығы мен «Әділетті Қазақстан» идеяларын үнемі айтып келеді. Әсіресе жастарға арнап жиі айтады. «Заң мен Тәртіп» қағидаты біздің елімізде кейбір батыс мемлекеттерінен әлдеқайда бұрын айтыла бастағанын да ұмытпауымыз керек», – деді Арман Қырықбаев.

Бұл ретте ол жаңа Ата Заңның негізгі авторы кім екен деген қисынды сұраққа да нақты жауап берді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының жаңа Конституцияда көрініс тапқан идеялары мен бастамалары халықтың көкейінде жүрген тілектерін айқындайды.

«Халық нені көздейді? Неге ұмтылады? Әрине әділеттілікке ұмтылады. «Заң мен Тәртіптің» мейілінше салтанат құруына ұмтылады. Еліміз таза болса екен, адамдардың ниеті дұрыс болса екендейді. Яғни, Мемлекет басшысы осы өміршең идеяларды айтқан кезде халықтың көкейінде жүрген дүниені дөп басып отыр. Ал енді бұлардың барлығы жаңа Ата Заң мәтінінде көрініс тауып отырғандықтан, әрине, Мемлекет басшысын жаңа Конституция жобасының негізгі авторы дей аламыз, – деп сөзін түйіндеді Арман Қырықбаев.

Комментарии