Түркия Иранның баллистикалық зымыранын атып түсірді

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Bny4W279WNcubx3YWjOhlY0ahLF3H4TqB8CxzVIe.jpg

Түркия Иран аумағынан ұшырылып, елдің әуе кеңістігіне бағытталған баллистикалық зымыранды атып түсірді. Бұл туралы ұлттық қорғаныс министрлігі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік мәліметінше, зымыран Ирак пен Сирияның әуе кеңістігі арқылы өтіп, кейін Шығыс Жерорта теңізінде орналастырылған НАТО-ның әуе және зымыранға қарсы қорғаныс күштері тарапынан жойылған.

Хатай провинциясы Дёртйол ауданына түскен бөлшек баллистикалық зымыранды көкте жою кезінде қолданылған тосқауыл зымыранға тиесілі екені айтылды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Анкара Түркияның өз аумағы мен әуе кеңістігін қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдауға ниетті екенін атап өтті.

«Түркия өңірлік тұрақтылық пен бейбітшілікті қолдайды. Алайда қауіп қай тараптан және қай жерден төнсе де, мемлекетіміз өз аумағы мен азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қауқарлы. Жеріміз бен әуе кеңістігімізді қорғауға бағытталған кез келген қадам батыл әрі кідіріссіз жүзеге асырылады. Елімізге қарсы жасалған кез келген дұшпандық әрекетке жауап беру құқығын өзімізде қалдырамыз», — делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ құжатта Түркияның өңірлік тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауды қолдайтыны, тараптарды шиеленістің одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін әрекеттерден бас тартуға шақыратыны айтылған. Осы тұрғыда ел НАТО және өзге де одақтастарымен кеңесуді жалғастырмақ.

Комментарии