Путин тағы да мемлекеттік сапармен келмек

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wraf7wkrqYNjfSxR8m6YUEni42EFNlge0AmnFkkG.jpg
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.

Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Айта кетсек, бұған дейін  Мәскеу мен Астана 2026 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарының мерзімін талқылап жатқанын хабарладық. Оны Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин мәлімдеген болатын.

 

Комментарии