«Референдум–2026» онлайн марафоны барысында Қазақстанның Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов маңызды жаңалықты жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін тек БАҚ пен әдебиетте қолданылып келген «Ата Заң» ұғымы енді елдің негізгі құжатының ресми мәтінінде бекітілмек.
Нұрмұхановтың сөзінше, бұрын «Ата Заң» тіркесі тек мақалалар мен журналдарда қолданылып келген. Ал жаңа жоба нұсқасында бұл ұғым заңнамалық мәртебеге ие болып отыр.
Оның айтуынша, жоба мәтінінің соңында «біртұтас Қазақстан халқы еліміздің Ата Заңын — Конституциясын қабылдаймыз» деген нақты тұжырым енгізілген.
Сонымен қатар, жаңа редакцияда преамбулада «Қазақстан халқы» емес, «біртұтас Қазақстан халқы» деген анықтама қолданылған. Бұл елдегі 100-ден астам ұлт пен 20-ға жуық конфессия өкілдерінің бірлігін заң жүзінде бекітуге бағытталған.
Жобаға сәйкес, Конституция мәтінінде алғаш рет Қазақстан аумағындағы мыңдаған жылдық мемлекеттілік тарихының сабақтастығы атап өтіледі. Бұл елдің тарихы тек 1991 жылдан басталмайтынын көрсетеді.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы алдымен қазақ тілінде дайындалып, кейін ресми тілге аударылған. Ақпаратты Kazinform агенттігі жариялады.
«Это требование времени» – Нурлыбек Налибаев о закреплении в Конституции прав граждан на экологическую безопасность
Отделение религии от государства на уровне Конституции укрепит общественное согласие – Гульзира Атабаева