Екі үйден адам мәйіттері табылды

105
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/90dcOYvez9j2fIgW6LAyzKF6rqLs1ya7XtZhuSne.jpg

Павлодар облысында көрші орналасқан екі үйден ұзақ уақыт бойы жатқан екі адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Бұл туралы жергілікті пабликтер жазған. Мәліметтерге сәйкес, мәйіттер Майқайың кентінен табылған.

Алдын ала деректер бойынша, табылған адамдардың бірінің қайтыс болғанына шамамен екі жыл, ал екіншісінің көз жұмғанына бірнеше ай болған болуы мүмкін.

Оқиғаға қатысты ақпаратты Павлодар облысының полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәйіттердің бірі қарт әйелдің үйінен, екіншісі көрші үйден табылған. Олардың болжамынша, көз жұмғандар – әйелдің туыстары, яғни қызы мен күйеуі болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Тұрғындар отбасының тұйық өмір салтын ұстанғанын, бөтен адамдарды үйіне кіргізбегенін айтады. Қарт әйелмен бірге кәмелетке толмаған немересі тұрған.

Комментарии