"Екіге бөлінгісі келді..." Жапаров Тәшиевті қызметтен босатуға мәжбүр болғанын айтты

233
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gzLkLHq6ldZvx6X0OOTOwuj2Pc1TqnH7eN0I034W.jpg

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) басшысы Қамшыбек Тәшиевтің отставкаға кету шешімі мемлекеттің тыныштығы үшін қабылданған. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров Кабар агенттігіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды "Адырна".

«Біздің достығымыз сақталуда. Тәшиевтің отставкаға кету шешімі мемлекеттің тыныштығы мен халық арасындағы келісім үшін қабылданды. Оны қызметінен босатпас бұрын мен досыма телефон соғып, жағдайды түсіндірдім. Осындай жылдам шешім арқылы мен оны өзіне де зиян тигізуден қорғадым. Себебі, оның айналасындағы адамдар оны дұрыс жолдан адастырды», - деді Жапаров.

Президенттің айтуынша, ҰҚМК басшысының отставкаға кетуінің себебі – кейбір саясаткерлердің парламенттегі депутаттарды "Тәшиевтің командасы" мен "мемлекет басшысының командасы" деп бөліп алу әрекеті болған.

«Бәрі Жогорку Кенештен (парламенттен) басталды. Кей депутаттық топтар депутаттарды шақырып, «сен генералдің жағындасың ба, әлде президенттің жағындасың ба» деп бөлісе бастады. Егер мен жедел әрі нақты шара қабылдамасам, бұл бөлініс қарапайым халыққа да әсер етуі мүмкін еді. Сондықтан мен осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдым», - деді Жапаров.

Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпанда Жапаров 2020 жылғы қазаннан бері осы қызметті атқарып келген Қамшыбек Тәшиевті отставкаға жіберген.

Комментарии