«Конституцияда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі анық көрсетілген»

135
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UsiFYyQDDT8RZp9SmeRKNs3kun78dMZJVHaZMgGf.jpg

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда ол Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесіне қатысты пікір білдірді.

«Қазақ тілі – біздің ана тіліміз. Конституцияның 7-бабы, 1-тармағында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп нақты жазылған. Жиналыстарда және мемлекеттік ұйымдарда орыс тілін ресми түрде қазақ тілімен бірге пайдалануға болады. Конституцияны бір адам жазған жоқ — бүкіл комиссия ашық, онлайн форматта жұмыс істеді. Кім қандай пікір айтқысы келсе, ортаға салып отырды. Оның құрамында ғалымдар, сарапшылар мен мамандар болды. Өмір көрген ақсақалдарымыз, зиялы қауым өкілдері де қатысты.

Халық арасында “қашан әлемдегі дамыған елдер сияқты боламыз?” деген әңгіме жиі айтылады. Мысалы, әлемдегі ең бақытты елдердің бірі — Финляндияда екі мемлекеттік тіл бар: фин және швед тілдері. Ал Сингапурда төрт тіл мемлекеттік деңгейде қолданылады. Банк саласының орталығы саналатын Швейцарияда да төрт тіл бар. Бельгияда үш ресми тіл қолданылады. Сондықтан бізде қазақ тілінің қадірін ешкім түсіріп отырған жоқ — Конституцияда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі анық көрсетілген», – деді әкім.

Комментарии